Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ІІІ Каспий мұнай сауда-көлік конференциясын ұйымдастырушылардың атына Қазақстан мен Әзірбайжанның министрлерінен қолдау хат түсті

БАКУ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - ІІІ Каспий мұнай сауда-көлік конференциясының ұйымдастырушылары - Confidence Energy Ltd компаниясы мен Әзірбайжанның Мемлекеттік Мұнай академиясы Қазақстанның Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Әзірбайжанның Өнеркәсіп және энергетика министрлігінің атынан қолдау хат алды,

ІІІ Каспий  мұнай сауда-көлік конференциясын ұйымдастырушылардың атына   Қазақстан мен  Әзірбайжанның министрлерінен  қолдау  хат   түсті
деп хабарлайды ҚазАқпарат конференция ұйымдастырушыларына сілтеме жасап. Әзірбайжанның Өнеркәсіп және энергетика министрі Натиг Әлиев өз хатында, әлемдік экономикалық және қаржы дағдарысы контексінде «жеткізілім тұрақтылығы мен энергетикалық ресурстардың әлемдік нарықтағы жеткізілімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жақын жылдарда әлемдік экономиканың және жекелеген елдердің орнықты дамуының ең маңызды факторлары болатынын және бұл мәселенің халықаралық қоғамдастықтардың мүддесіне сай екенін» атап көрсетті. Каспий бассейні елдерінің экономикасын дамытудағы Конференцияны рөліне жоғары баға берген Н.Әлиев, «бұл шара аймақтағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайту жөніндегі негізделген ұсыныс-кеңестер әзірлеуге мүмкіндік береді», деп атап көрсетті. Қазақстанның Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев өз кезегінде, экономикалық қауіпсіздік нормаларын сақтаудың, мұнай барлау және өндіру саласындағы корпоративтік және әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталып, «аймақтағы маңызды ақпараттық дерек көз болып табылатын, сонымен бірге қоршаған ортаны қорғау мен мұнай өндіру және өңдеудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде пайдаланылатын заманауи технологиялар мен жабдықтар кеңінен таныстырылатын» осынау конференцияны өткізушілерге табыс тіледі. Хаттардың толық мәтіндері Конференцияның сайтында - http://caspianoiltrading.com- берілген.