Ильгар Велизаде: Қазақстан - түркі дүниесінің бесігі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өту біздің еліміздің маңызды саяси оқиғасына айналғаны белгілі. Қазақ халқы үшін айтулы оқиғаны бауырлас Әзербайжан халқы да жіті бақылап отыр. Осы ретте танымал әзербайжандық саясаттанушы Ильгар Велизаде «ҚазАқпарат» агенттігі тілшісіне сұхбат беріп, қазақ мемлекетінің қалыптасуына қатысты өз пікірімен бөлісумен қатар шетелде, Әзербайжанда осы мәселеге қатысты не ойлайтындығын тарқата айтып берді.
- Алғаш рет қазақ мемлекеттігі туралы студент кезімде белгілі тарихшы-ғалым әрі этнограф Лев Гумилевтің еңбектерінен оқып білген едім. Түркі халықтарының тарихына қызығушылық танытқан менің отандастарымның көпшілігі сол кезде оның «Көне түркілер», «Каспий төңірегіндегі мыңжылдық» сынды қазақ мемлекеттігінің пайда болуы мен даму тарихына қатысты көптеген деректер келтірілген шығармаларын жата-жастана оқыған еді. Біз тарихтан түркі дүниесінің бесігі Түркі мемлекеті (бірінші Түркі қағанаты 551-630; екінші Түркі қағанаты 681-744 жылдары билік еткен) болғандығын, оның географиялық орталығы қазіргі Қазақстан аумағы екендігін жақсы білеміз. Бірнеше ғасыр өткеннен кейін, 15-ші ғасырдың ортасында дәл сол жерде қазақ хандығының бастауы болған қазақ ұлысы пайда болған еді. Бұл хандықтың маңызды тарихи мәні оның туы астында оған дейін басы бірікпен рулардың тоқайласуы болғаны анық. Орталықтандырылу үдерісі өз кезегінде тұтас қазақ ұлтының қалыптасуын жеделдете түскен еді.
Әзержайжан мен қазақтар арасында ғасырлар қойнауынан тамыр алатын тарихи байланыстардың бар екендігін атап өткен орынды. Кейбір нұсқаларға қарағанда, Қазақ хандығы пайда болғанға дейін қазақтың кішіқұмында қоныстанған Атырақ хан бастаған түркі-қыпшақтардың үлкен тобы 10 ғасырда Кавказдың дәл ортасын мекен еткен. Тағы бір деректерде тайпалардың бірі «қазақлы» атауын иеленгендігін айтады. Бұған елдің батысындағы әзербайжандық ірі қазақ аудан орталығының болуы да дәлелдей түседі. Айта кетерлігі, 18 ғасырда бұл аймақта әзербайжандық қазақ сұлтанаты тіршілік еткен болатын. Қазақ ауданының тұрғындары әлі күнге дейін қазақтың көптеген көздерін әлі күнге дейін қолданады. Осылайша, қазақ мемлекеттігі, қазақ ұлы әзербайжан мемлекеттігімен және әзербайжан халқының қалыптасуымен етене тығыз байланыста болды.
- Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын атап өту жастардың бойындағы патриоттық сезімнің қалыптасуына, өз еліңе деген мақтаныш сезімнің оянуына қалай ықпал етпек?
- Тарихи түп-тамырға терең бойлау жастарды адамгершілікке және оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге негіз қалайтындығы сөзсіз. Бізде: «тамырсыз ағаш болмайды», - деген жақсы сөз бар. Бүгінгі күні қазақ халқы тарихындағы даңқы күндерді қаперге ала отырып, бүгінгі ел азаматы өз халқының бүгіні мен ертеңі үшін зор жауапкершілікті өз мойнына жүктейді. Бүгінгі күні ата-баба жасап кеткен мұраны дамытып, оны дәстүрлі құндылықтарға арқа сүйей отырып, жаңа жағдайларға бейімдей түсу маңызды.
Мен қазақ ұлтының көптеген жас өкілдерімен таныспын. Олар өз халқының мәдениеті мен дәстүріне қатысы бар екендігін сезіне отырып, өз ата-батасының лайықты ізбасары болуы тиіс.
- Аталған іс-шараны өткізумен байланысты т ағы да қандай үрдістер орын алуы мүмкін?
- Шынымен де Қазақстан бүкіл әлемге ұлы көшпенділердің бай рухани әрі материалдық құндылықтарын паш ететін өзінің тарихымен мақтануға лайықты. Бүгінде сіздердің елдеріңіздің, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын бүкіл түркі әлемі, бүкіл әлемдегі Қазақстанның достары атап өтуде. Бұл асыра айтқандық емес. Өткен жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы оқиғаны атап өту идеясын ұсынған кезде тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге одан тысқары аумақта, посткеңестік кеңестікте әлеуметтік желі пайдаланушылары аталған тақырыпқа байланысты видео сюжеттермен бөліскен болатын. Меніңше, мерейтойды атап өту бұл тақырыпқа қоғамның баса назар аударуына жол ашып, сіздердің елдеріңіздің бай тарихын одан ары зерделей түсуге шет елдердің де назарын өзіне қаратады деп ойлаймын.