Ильхам Әлиев Қазақстан Президентін Әзірбайжанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырды

МАТЫ. 20 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Соңғы 7 жылда бұл менің Қазақстандағы 3-ресми сапарым болып отыр. Оны Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев бүгін Алматыда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірлескен декларацияға қол қойғаннан кейін БАҚ өкілдеріне жасаған мәлімдемесінде айтты.

Ильхам Әлиев Қазақстан Президентін Әзірбайжанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырды

"Біздің қарым-қатынастарымыздың тарихи тамыры тереңде жатыр. Ол серіктестік және достық мақсатта құрылған. Біз таулы Қарабақ шиеленісін шешудегі Қазақстанның ұстанымына алғыс айтамыз. Қазақстан Президентінің әлемдік көшбасшылармен болған кездесулерде бұл мәселені назардан тыс қалдырмайтынын жақсы білеміз», - деді Ильхам Гейдароглы. Қазақстанға жыл сайын келіп тұратынын айтқан Әзірбайжан Президенті бұл екі елдің арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейіне айғақ бола алатынын жеткізді. Оның пайымдауынша, Әзірбайжан мен Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылында кейбір елдер 100 жылда қол жеткізе алмаған жетістіктерге жетті. Тілі, діні, мәдениеті, тарихы ортақ бауырлас елдердің қарым-қатынасы алдағы уақытта одан әрі тереңдей беретін болады.