Илья Ильин үшінші мәрте Олимпиада чемпионы болуға уәде етті
АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Екі дүркін Олимпиада чемпионы И. Ильин алдағы додада үшінші алтынды алуға уәде берді.
Бұл жайында ол бүгін Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен ХХХ Лондон Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың қол жеткізген зор жетістігінің құрметіне арналған салтанатты шара барасында мәлім етті.
«Бұл Лондон Олимпиадасы ұмытылмастай болды. Біз шынымен жоғары деңгейді белгіледік. Біз алдағы Олимпиадада тырысатын боламыз және онда жеңіске жетеміз деп үміттенемін», - деді екі дүркін Олимпиада чемпионы.
«Алдағы Баразилиядағы Олимпиадаға қатысып, үшінші алтынды алатыныма 99,9 пайызға сенімдімін. Бір жылдан кейін 100 пайыз деп айтатын боламын», - деп атап өтті ол.
Сөз соңынада И. Ильин Мемлекет басшысының спорт саласына жасаған қолдауы үшін алғысын білдірді.