Илья Резник: ТУ-154 ұшағындағы апат - әлемдік қайғы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Қорғаныс министрлігі ТУ-154 ұшағының апаты күллі қоғамды дүр сілкіндірді.
None
None





Мәскеу тұрғындары мен қонақтары Ресей Армиясының А.В. Александров атындағы әндер мен билер Академиялық ансамблінің ғимаратына толассыз гүл шоқтарын алып келіп жатыр. Бүгін таңертең Қара теңізге құлаған ұшақ бортында ансамбл мүшелері болған еді.    Ғимаратқа танымал музыканттар, ақындар келуде. Солардың бірі Ресей және Украина халық әртісі  Илья Резник.  

 «Бұл тек Ресейдің басындағы ғана емес, әлемдік қайғы. 1928 жылы құрылған ұжым дүниежүзіне танымал еді. Әскери кәсіби музыкаға әуесқойлардың орасан зор аудиториясына да ие болды.

Біз бәріміз  қайғырып көңіл білдіреміз, марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына төзімділік, шыдамдылық тілейміз»,- деді Илья Резник.

 

Соңғы жаңалықтар