18:30, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
Индонезия Ақтөбе облысымен ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытып отыр (ФОТО)
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ҚР-дағы Индонезия Республикасының Елшісі Фостер Гултом жұмыс сапарымен Ақтөбеде жүр. Бейсенбі онымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кездесті.

Кездесуде түрлі салалардағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев мұнай және газ, сонымен қатар никель, кобальт, мырыш және мыс кен орындарын бірлесіп дамытуды ұсынды.
Елші ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытып, ақтөбеліктерді мамыр айында Астанада өтеді деп жоспарланған бизнес-форумға шақырды.
Жұмыс сапары кезінде Ф.Гултом Ақтөбе индустриалдық аймағында болды, жергілікті бизнесмендермен кездесті.