Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Индонезия-Қазақстан Іскерлік кеңесі екі елдің ынтымақтастығының маңызды қадамы болмақ

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - Индонезия-Қазақстан Іскерлік кеңесі екі елдің ынтымақтастығының маңызды қадамы болмақ. Бүгін елордада Индонезия - Қазақстан Іскерлік кеңесінің салтанатты ашылуы Индонезия-Қазақстан Іскерлік кеңесінің құрметті төрағасы

Индонезия-Қазақстан Іскерлік кеңесі екі елдің ынтымақтастығының маңызды қадамы болмақ

Ирван Идинг осылай мәлім етті.

«Бүгін ашылып отырған Кеңес Қазақстан мен Индонезияның экономикалық ынтымақтастық бағытындағы маңызды қадамы болмақ. Өйткені Индонезия-Қазақстан іскерлік кеңесінің басты мақсаты екі елдің бизнесмендері арасында іскерлік байланысты тереңдету болып табылады. Сауда, инвестиция, туризм салаларындағы мүмкіндіктерімізді ескерсек Қазақстан мен Индонезияның әлеуеті шынымен де зор болатыны сөзсіз. Дегенмен, екі елдің де іскерлік ортасының басым көпшілігі бұндай әлеуетті әлі де толық сезінбей отыр. Сондықтан да біздің мақсатымыз осы мүмкіндікті жақындатып, барынша аша түсу», - деді Ирван Идинг.

Бұл ретте Қазақстан мен Индонезияның географиялық орналасу жағы бір-бірінен қашықта болғандықтан, біршама қиындықтарды тудыратынын айта келе кеңестің құрметті төрағасы, дегенмен де бұндай олқылықтарды тиімді игеру жолдары баршылық екенін атап өтті.

«Менің ойымша, бүгін ресми түрде ашылып отырған Іскерлік кеңестің басты миссиясы келешек ынтымақтастықты кеңейтуге қызмет ету болып табылады. Ал екі елдің ынтымақтастығы экономикалық байланыстарды байыта түсетіні сөзсіз. Сондықтан да, біз Іскерлік кеңестің жемісті болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыратын боламыз», - деді И. Идинг.