Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Индонезиядағы Бромо ұлттық саябағында 120 гектардан астам орман өртенді

АСТАНА. KAZINFORM — Индонезиядағы Бромо-Тенгер-Семеру ұлттық саябағының (TNBTS) кальдерасында бірнеше күннен бері өршіп тұрған орман өрті шамамен 120 гектар аумақты шарпыды, деп хабарлайды БелТА.

Индонезиядағы Бромо ұлттық саябағында 120 гектардан астам орман өртенді
Фото: AFP

TNBTS басқармасының басшысы Рудиджанта Тьяджа Нуграха өртті әуеден сөндіруге арналған тікұшақтың жердегі топтар жете алмайтын тік жартасты жерлердегі ошақтарды сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатқанын айтты.

— Әлі де сөндірілмеген бірнеше ошақ бар. Өрт шамамен 120 гектар аумақты шарпыды, — деді Нуграха.

Оның айтуынша, таулы әрі ойлы-қырлы жер өрт сөндірушілер үшін қиындық туғызған. Өрт ошақтарының көбі тік беткейлерде орналасқандықтан, жедел қызметтердің біріккен топтары ол жерлерге жаяу қауіпсіз жете алмайды.

Ол сондай-ақ өрттің табиғи факторлардан емес, адам әрекетінен тұтануы мүмкін екенін айтты.

Айта кетейік, Түркияда 44 орман өртіне қатысты тергеу жүргізіліп, күдіктілер қамауға алынды.