Индонезиядағы заңсыз алтын кенішіндегі апаттан 9 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM – Индонезияның Батыс Суматра өңірінде заңсыз алтын өндіретін кеніш маңында болған апат салдарынан тоғыз адам көз жұмды, деп хабарлайды Синьхуа.
Оқиға Сиджунджунг провинциясында пайдалы қазба өндірілетін аумаққа жақын жарқабақта болған. Сол сәтте кен орнында шахтерлер жұмыс істеп жатқан.
Апат нәтижесінде бірнеше адам топырақ пен тас үйіндісінің астында қалған.
Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, қаза тапқандарды туыстары мен жақын маңдағы тұрғындар жерлеген.
Синьхуа агенттігі Индонезияда, әсіресе жаңбырлы маусым кезінде, шахталардағы жазатайым оқиғалар жиі болатынын атап өтті.
Бұл кезеңде көшкін мен опырылым қаупі айтарлықтай артады.
Айта кетейік, бұған дейін Индонезиядағы Дукону жанартауы маңынан жоғалып кеткен туристердің денесі табылғаны хабарланған еді.