Индустрия Қазақстанның қарқынды дамуында әрқашан негізгі рөл атқарады - ҚР Үкімет басшысы

ТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов дәл қазір Тәуелсіздік Сарайында өтіп жатқан «KAZENERGY: Қазақстан: 20 жыл өркенді даму, жаңа инвестициялық жобалар және мызғымас әріптестік» VI Еуразиялық Форумында сөз сөйлеуде, деп хабарланған Facbook.com.

Индустрия Қазақстанның қарқынды дамуында әрқашан негізгі рөл атқарады - ҚР Үкімет басшысы

Кәрім Мәсімов: «индустрия Қазақстанның қарқынды дамуында әрқашан негізгі рөл атқарады. Шетелдік энергетикалық компаниялар Қазақстанның алғашқы ірі инвесторлары болды және солай болып қалып отыр. Сондықтан да біз шетелдік серіктестеріміздің қосып отырған үлестеріне айрықша мән береміз, олардың біразы бүгін форумға қатысып отыр», - деп атап көрсетті.

«KAZENERGY» Қауымдастығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған «Қазақстан: 20 жыл өркенді даму, жаңа инвестициялық жобалар және мызғымас әріптестік» VI Еуразиялық Форумы 4-5 қазан күндері Тәуелсіздік Сарайында өтуде. Форум -Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлаудың қарсаңында бизнес, билік және халықаралық сарапшылары бас қосып отырған диалог алаңы.

Форумның бірінші күні «Larry King Live» бағдарламасының жүргізушісі Ларри Кинг модератор болды.

Форумға қатысушылар төмендегі тақырыптарды талқылайды:

- «Мұнай-газ және энергетикалық кешендерді ұзақмерзімдік дамытудың орнықты моделі - энергиямен қамтудың барабар әлемдік жүйесі»;

- «Мұнай-газ саласын дамытудың жаңа көкжиектері: инновациялар және жаңа технологияларға инвестиция салу»;

- «Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы: жергілікті мазмұнның өсуі»;

- «Еуразияның энергетикалық геосаясаты: ығыттар және жаңа көкжиектер»;

- «Атом энергетикасының сабақтары және энергияның орны толатын көздерін дамытудың жаңа мүмкіндіктері»;

- «Энергетикалық тиімділік және экологиялық қауіпсіздік».

Қосымша ақпараттармен http://www.pm.kz сайтынан танысыңыздар.