Инфрақұрылымдық жобалар инвестор үшін аса тартымды - Еуразия даму банкі Басқарма төрағасының орынбасары
АЛМАТЫ. 7 қазан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -Ірі інвестициялық жобаларды қолдаудағы жүйелі жұмыстар қуатты капитал ағынын тартуға мүмкіндік береді.
Бұл туралы Еуразия даму банкі (ЕДБ) Басқарма төрағасының орынбасары Генадий Жужлев Мәскеуде өтіп жатқан «Ресейдің инфрақұрылымдық жобалары: бизнес пен биліктің серіктестігі» деп аталатын ІІІ жалпыресейлдік форумда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл үдерісте қаржылық-экономикалық бағдарламаларды ынталандыруды қамтамасыз етуші даму институттарының маңызы зор. Бұл үшін инфрақұрылымды дамытуға қосымша екпін беру керек. Өйткені ол инвестиция тартудың бірден-бір жолы», - дейді Г. Жужлев. Жалпы қазіргі таңда көрші елдің мемлекеттік инвестициялық қордан қаржыландырылатын аса ірі 15 жоба жүзеге асырылудың алдында тұр. Орасан әлеуетіне қарамастан Ресейдегі инвестициялар көлемі қазір де бұрынғыдай онша үлкен емес.