«Инмарсат 5F3» ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыраны Байқоңыр ұшыру алаңына орнатылды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағында британдық ғарыштық «Инмарсат 5F3» байланыс аппаратын ұшыруға арналған «Протон-М» зымыраны ұшырылымының дайындығын аяқтады.
None
None

Роскосмос баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, кеше «Протон-М» зымыран тасығышы монтаждау-сынақтан өткізу кешенінен ғарыш алаңының №200 ұшыру кешеніне жеткізілді.

Ұшыру құрылғысын орнатқаннан кейін Ресей зымыран-ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары ұшыру алдындағы жұмыстарға кірісті.

Inmarsat (Ұлыбритания) мобильдік серіктік байланыстың жаһандық операторына арналған бұрынғы спутник (Inmarsat-5F2) осы жылғы ақпанда «Протон-М» зымыран-тасығышымен орбитаға сәтті жеткізілді.

«Бриз-М» жүрдек блогымен және британдық ғарыштық «Инмарсат 5F3» байланыс аппаратымен «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыру 2015 жылғы 28 тамызға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар