Инспекторлар шағын көлемді кемелерге қатысты 700 заң бұзушылықты анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазда шағын көлемді кемелерді пайдалануға қатысты 700 заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Қазақстанда су көлігі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жыл сайын өтетін «Скутер» акциясы аяқталды. Жазғы маусымда ҚР ИДМ Көлік комитетінің инспекторлары 4,2 мың шағын көлемді - катерлерді, гидроциклдерді және моторлы қайықтарды тексерді.

«Тексерістер нәтижесінде 700 заң бұзушылық анықталды. Олардың ішінде жеке құтқару құралдарынсыз кемелерді пайдалану, кеме құжаттарының болмауы және жеке тұлғаның сәйкес құқығынсыз кемені басқару сияқты заң талаптарын орындамау фактілері жиі кездеседі», - делінген хабарламада.

Тексерістерден бөлек, комитеттің аймақтық органдары кеме иелерімен, шағын көлемді кемелердің тұрақтары және демалыс орындары иелерімен шағын көлемді флотты пайдалану мәселелері бойынша профилактикалық шараларды өткізді. 

Соңғы жаңалықтар