Инстаграм жазбаларды көрсету ретін өзгертеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Инстаграм қосымшасы хронологиялық принциптен бас тартып, пайдаланушылардың таспасындағы фото және видеоларды көрсету ретін өзгертеді, деп хабарланды фотосервистің блогында.
None
None

«Сіздің таспаңызда жақын арада, біздің пайымымыз бойынша сіздерге қызықты материалдар алдыңғы кезекте тұрады», - делінген компанияның хабарламасында.

Сервис қызметкерлері өз шешімін ақпарат көлемінің өсуіне байланыстырып отры, өйткені пайдаланушылар орташа алғанда 70% жазбаны көрмей қалады, сондықтан оның ішінде маңыздыларын назардан тыс қалдырмау керек.

Осылайша, Инстаграмда жарияланғандардың көрсету реті Фейсбук әлеуметтік желісіне барынша ұқсап келеді.

Еске сала кетсек, бұл әлеуметтік желі фотосервис қосымшасын 2012 жылы сатып алған, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Соңғы жаңалықтар