Институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс тобы заң үстемдігін қамтамасыз ету шараларын қарастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалық етуімен Мемлекет басшысы жариялаған заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды ресми БАҚ.

Институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс тобы заң үстемдігін қамтамасыз ету шараларын қарастырды

Отырыс қорытындысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сот құрылысы және сот өндірісін жетілдіру жөніндегі тапсырмалары мен нұсқауларын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар әзірленді. Ол Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынылатын болады.