Интеграция ұлтты біріктіреді, азаматтарды патриот етеді - Н.Ерімбетов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Интеграция ұлтты біріктіреді, азаматтарды патриот етеді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Интеграциялық үдерістер мен ұлттық кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбындағы брифинг барысында Қазақстан Азаматтық альянсының президенті, саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов осылай айтты.
«Бұдан ертерек маған біздің бизнестің қалай өмір сүріп жатқаны бәрібір болатын болса, елдегі банктердің жағдайына мән бермеген болсам, ал қазір отандық бизнес пен өндіріске жаным ашитын болып отыр. Үлкен бизнеске кіргенде оның аясындағы жұмыс орындары не болады? Жалпы біздің жұртшылықтың, туысымыздың жағдайы не болады? Осының бәрі бізді біріктіріп, патриоттыққа алып келеді. Өйткені, бұдан ешкім де шет қалмайды», - деді Н.Ерімбетов.
Оның пайымынша, интеграцияға қатысты бизнес қана бірігіп қоймайды, қылмыстық әлем де «ортақ кеңістіктегі іске жұмыла бастайды». «Құқық қорғау органдарына қатысты айтқым келетінін, ертеңгі күні қылмыстық әлем де бірігуі мүмкін. Экономикалық қылмыс топтарының топтасуын жоққа шығаруға болмайды», - деді ол.
Бұдан бөлек, Н.Ерімбетов Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты «қандай да бір тәуелділік туралы» әңгімеден қорқуға болмайтынына назар аудартты. Оның пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақ Дүниежүзілік сауда ұйымына қарай жасалған үлкен қадам болмақ.
«Мен алыпқашпа, жұртты арандататын сөздерді, брифингтерді қою керек деп ойлаймын. Интеграциядан қорықпау керек. Қорқатын болсақ, онда біз осы қалпымызда қалып қоямыз», - деді Н.Ерімбетов.