Интернет бизнестің құрылымын өзгертуде - «Зерде» АҚ басқарма төрағасы

АЛМАТЫ. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Қазір интернет ықпал етпеген бірде-бір сала қалған жоқ. Бұл мәселе Алматыдағы «I-MIX 2013» қазақстандық интернет конференциясында талқылануда.
None
None

«Интернет Қазақстанда соңғы жылдары өте қарқынды дамуда. Интернеттің енуі 60 пайызды, ұялы байланыстың енуі 170 пайызды құрауда. Байланыс операторларының 24 млн. абоненттері бар. Ал ондағы смартфон мен планшеттің үлесі 15-20 пайыз болып отыр», - деді «Зерде» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Измайлов. Оның айтуынша, интернет ландшафты бизнес құрылымын өзгертуде. Бұл да - өте маңызды жәйт. Бизнес барынша қолжетімді және қызықты болуда. Сондықтан ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мен «Зерде» холдингі интернеттің барынша ашық және кең ауқымда дамуына қолайлы жағдай жасауға мүдделі болып отыр. 2012 жылы «Қазақтелеком» компаниясы мобильді интернеттің жаңа кезеңі болып табылатын 4 G жүйесін іске қосқан еді. Ол интернеттің дамуына тың серпін беретін болады.

Соңғы жаңалықтар