Интернет кеңістікті қорғауға қажетті барлық ресурстар бар - ҰҚК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин интернет кеңістікті қорғаудың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Депутаттар тарапынан интернет жүйесіндегі қауіпсіздікке қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайында сұрады.

Өз кезегінде Д.Ерғожин ақпараттық лаңкестік актілері, интернет-насихат, қандай да бір қасақана іс-қимылдар жағдайына Қазақстан заңнамасына сәйкес, анықталған интернет-ресурстардың қызметін тоқтата тұруға өкілеттік бар екенін түсіндірді.

Сонымен қатар ауқымды кеңістікке жаппай ықпал ету жүріп жатса, бұл тұрғыда тиісті аумақтарда интернет желісін шектеу қадамы жасалуы мүмкін. Алайда бұндай қадамдар өте қажет жағдайларда ғана іске асырылады.

Мұнымен қоса ол егер де мемлекеттік органдарға қатысты ақпараттық шабуылдар болса, онда ведомство техникалық мүмкіндіктерге сүйеніп, IP-адресі бұғаттау немесе басқа да шараларды атқаратынын жеткізді.

Ал ақпараттық жүйелерді бұзу, бағдарламаларды қолдан жасау секілді қылмыстар бойынша өкілеттіктер ҚР ҰҚК мен ІІМ арасында жіктелген.

Соңғы жаңалықтар