Интернет туралы заң ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясында қаралады

БІШКЕК. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ – «Интернет және құқық» халықаралық конференциясының барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясының аясында Интернет туралы заңның қажеттілігі мәселесі бойынша келісім кеңесінің өткізілетіні туралы мәлімдеме жасалды,

Интернет туралы заң ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясында қаралады
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ТМД Парламентаралық ассамблеясы сараптама тобы келісім кеңесінің Мәскеуде ағымдағы жылғы ақпанның 17-сінде даярланып жатқаны туралы мәлімдемені Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасы ақпараттық саясат комитеті технологиялық даму жөніндегі кіші комитетінің жетекшісі Илья Пономарев Бішкектегі конференцияда жасады. Ресейлік депутат сонымен қатар, ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы бұған дейін қарастырған «Интернет туралы» үлгілік заңның бар екендігін айтты.