11:18, 02 Наурыз 2023 | GMT +5
Инватаксиді мобильдік қосымша арқылы шақыртуға болады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет инватакси қызметіне мобильдік қосымша арқылы тапсырыс беруді жолға қоймақшы. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депуататтарының сауалына берген жауабында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі таңда мүгедектігі бар адамдардың ұсыныстарын ескере отырып, инватакси қызметін Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсететін ілкі жобаны іске қосуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ілкі жоба аясында әр қызмет алушы инватаксиге Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген жеткізушінің мобильдік қосымшасы арқылы тапсырыс бере алады», - деп жазды Үкімет басшысы.
Сондай-ақ биыл инватакси қызметіне жергілікті бюджеттерден 3,5 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.