Инвестициялық климат нығаяды: 25 жылдық келісімдер мен құқықтық тұрақтылыққа сенім артты

АСТАНА. KAZINFORM — Бас прокуратурада Берік Асыловтың төрағалығымен отандық және шетелдік инвесторлар өкілдерінің қатысуымен инвестицияларды қорғау жөніндегі форум өтіп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Инвестициялық климаты нығаяды: 25 жылдық келісімдер мен құқықтық тұрақтылыққа сенім артты
Фото: Бас прокуратура

 Жиында Роман Скляр бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы тұрақтылық танытып, әрі қарай өсу әлеуетін көрсетіп отырғанын айтты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдің ішкі жалпы өнімі 6,5%-ға өскен, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары.

Инвестициялық климаты нығаяды: 25 жылдық келісімдер мен құқықтық тұрақтылыққа сенім артты
Фото: Бас прокуратура

— Тікелей шетелдік инвестициялар 14,4%-ға өсіп, 20,5 млрд долларға жетті, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар 13%-ға ұлғайып, тарихи рекорд — 22,7 трлн теңгеге жетті. БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы мәліметтері бойынша, өткен жылы Қазақстан Greenfield жобаларына 19 млрд долларға жуық шетелдік инвестиция тартты, бұл Орталық Азиядағы барлық ішкі аймақтық инвестициялардың шамамен 89%-ын құрайды, — делінген хабарламада.

Тек өткен жылы 10 млрд доллардан астам жалпы құны бар 330 жоба іске қосылды, соның ішінде KIA Qazaqstan және Astana Motors автокөлік зауыттары, EkibastuzFerroAlloys ферросилиций өндірісі, Алтай-Май майлы дақылдар өндірісі және басқалары бар.

— Үкімет 2030 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасын жаңартты және проактивті инвестициялық саясатты енгізуде, онда бөлек рөл «Бәйтерек» холдингіне берілген. Ол ұлттық инвестициялық холдингке айналды және Инвестициялық қызмет (Investment Board) құрылды. Айрықша назар инвестиорлардың құқықтарын барлық жұмыс кезеңдерінде қорғауды күшейтуге аударылады, бұл мемлекетке деген сенімнің негізі болып табылады, — деді Роман Скляр.

Инвестициялық климаты нығаяды: 25 жылдық келісімдер мен құқықтық тұрақтылыққа сенім артты
Фото: Бас прокуратура

Оның айтуынша, инвестор құқықтарын қорғау архитектурасы нығайтылуда. 60 млн доллардан асатын жобалар үшін инвестициялық келісім құралы қолданылады, ол заңнама тұрақтылығын 25 жылға қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда мұндай 53 келісім жасалған.

— Инвесторларды қорғауда прокуратура органдарының үлкен рөлін атап өтті, алдын алу шараларын қабылдау қажеттігіне назар аударды, — Дания Еспаева.

Ал Қанат Шарлапаев елдің инвестициялық климаты бірнеше негізгі факторға тікелей байланысты екенін алға тартты.

— Бизнесті ұзақ мерзімді жоспарлау үшін «ойын ережелері» болжамды және тұрақты болуы аса маңызды. Заңнамалық базаның тұрақтылығын арттыру бойынша бірлескен жұмыс инвестициялардың ағымына мықты серпін береді деп сенеміз. Сот органдарының тәуелсіздігін әрі қарай нығайту, судьялардың біліктілігін арттыру және сот практикасының бірізділігін қамтамасыз ету инвесторлардың құқықтарын соттық қорғауға деген сенімін едәуір арттырады, — ол.

Осы жиында Бас прокуратура инвестицияларды қорғауда «100% кепілдік» жүйесін енгізгенін хабарлады.