Иорданияда АӨІСШК-ның 20 жылдығына арналған кезекті медальдар тапсырылды

 АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 3 желтоқсанында Амман қаласында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған қабылдау барысында «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру бастамасына 20 жыл» мерекелік медальдарын тапсыру салтанаты өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, аталған медальмен Хашимит Король сарайының Камергері Ханзада Раад бен Зейд марапатталды. Ол 1993 жылға ақпанда алғашқы иордандық ресми делегацияны Қазақстанға бастап келген болатын. Бұл сапардың барысында екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылған болатын.

Сонымен қатар, мерекелік медальмен Иорданияның көрнекті саясаткері, Вице-премьер, Көлік министрі және Амман қаласының мэрі лауазымдарында қызмет еткен Али Сухеймат марапатталды.

Соңғы жаңалықтар