Иорданияның АӨІСШК жұмысына қатысу мәселелері талқыланды

АММАН. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Хатшылығының атқарушы директоры Дулат Бакишев өткен аптада
None
None
Иорданияға жасаған сапарының барысында Қазақстанның сол елдегі Елшісі Болат Сәрсенбаевтың қатысуымен Корольдіктің Сыртқы істер министрлігінің бас хатшысы Мохаммед Әл-Халиди мен АӨІСШК жұмыс мәселелерін үйлестіруші, осы мекеменің Азия және Африка департаментінің директоры Мохаммед Сираджпен кездесулер өткізді.ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігінен хабарлағанындай, келіссөздер барысында Иордания тарабы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің даму үдерісі жайынан хабардар етілді. Және Иорданияның жақында Кеңеске қосылғаны ескеріліп, Корольдіктің форумға тезірек және толыққанды атсалысуына қолдау көрсету мақсатында жұмыс және техникалық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, еуразиялық құрлықтағы тоқтамай отырған қақтығыстар тақырыптарын талқылау барысында Кеңес аясында Азиядағы дағдарыстардың алдын алудың пәрменді тетігін құру мүмкіндігін зерттеу ұсынылды.
Соңғы жаңалықтар