Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Иорданияның қоғам қайраткерлері, әдебиетшілері мен БАҚ өкілдері Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» отырысына қатысты

АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның Иордания Хашимиттер Республикасындағы Елшілігі Ата заңымыздың 15 жылдығына орай кеше, тамыздың 30-ы күні Амманда «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

Иорданияның   қоғам қайраткерлері,  әдебиетшілері мен   БАҚ өкілдері Қазақстан  Республикасы Конституциясының  15 жылдығына  арналған  «дөңгелек үстел»  отырысына  қатысты

Иорданияның «Петра» университетінде өткен бұл шараға университет оқытушылары, иордан-қазақстан достық қоғамының мүшелері, жазушылар мен әдебиетшілер одағының өкілдері, қоғам қайраткерлері, иорданиялық «Әл-Дустур» («Конституция»), «Әл-Рай» («Пікір») басылымдарының тілшілері қатысты, деп хабарлады Қазақстан елшілігінен.

«Дөңгелек үстел» отырысына қатысушыларға ҚР Конституция күні және біздің еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы баяндама таныстырылды. Сондай-ақ, жиналған қауымның назарына Астана және республика туралы деректі фильм, слайдтар көрсетілді, осы тақырып бойынша араб тіліндегі баспасөз баяны таратылды.

«Дөңгелек үстел» отырысы жиналған қауымның үлкен ықыласын туғызды, қызу диалог болды.