Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Ипотекаға дейінгі кілттер»: арманыңа бір қадам жақында

АСТАНА. KAZINFORM — Болашақта баспана алуды жоспарлап жүргендер үшін жаңа ипотекалық жоба іске қосылды. Жобаның ерекшелігі Отбасы банк салымшылары несиені рәсімдегенге дейін жаңа пәтерге көшіп бара алады. Бұл Отбасы банктің және серіктес NEST STROY құрылыс компаниясының бірлескен жобасы аясында жүзеге асады.

«Ипотекаға дейінгі кілттер»: арманыңа бір қадам жақында
Фото: Отбасы банк

«Ипотекаға дейінгі кілттер» деп аталатын жаңа жобаның тұсаукесері өткен сенбіде Алматы облысына қарасты Gate City тұрғын үй кешенінде өтті. Жалпы ауданы 300 мың шаршы метр болатын 5 000 пәтерге арналған бұл тұрғын үй кешені Алматы маңында орналасқан жаңа технологиялық Алатау қаласында бой көтерген. Ипотекалық бағдарламаның калай жүзеге асатынын Отбасы банкі басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов түсіндіріп берді.

— Біз жаңа Алатау қаласының іргесіндегі Gate City тұрғын үй кешеніндеміз. Серіктесіміз NEST STROY құрылыс компаниясымен бірлесіп, «Ипотекаға дейінгі кілттер» атты жоба әзірледік. Банктің миллиондаған салымшыларына мәлім қағидасы өзгеріссіз қалады, ол — жинақтау. Клиенттерімізге елдегі ең қолжетімді бағдарламалармен баспана алуға мүмкіндік беретін де дәл осы жинаған жинақтары. Ипотека рәсімдеу кезінде кейбір салымшыларымыздың бағалау көрсеткіштерін көтеруге уақыт керек болады. Ал осы уақыт аралығында салымшылар туыстарын жағалап, болмаса пәтер жалдай тұруға тура келеді. Бағдарлама бойынша аралық несиенің ең жоғары мөлшерлемесі жылдық 8,5% болады*. Оны алу үшін депозитте қарыз сомасының 50%-ын жинап, бағалау көрсеткішін 5 деңгейіне дейін жеткізу қажет. Егер депозит жаңа болса, әдетте бұл көрсеткішке алты ай ішінде қол жеткізіледі. Осы кезеңді күтпестен, депозитке ақша салғаннан кейін бірден пәтерге қоныстануға мүмкіндік береді. Ал ипотеканы кейінірек, депозит бойынша барлық шарттар орындалған кезде рәсімдеуге болады, — деді Нұрлан Ақшанов.

«Ипотекаға дейінгі кілттер»: арманыңа бір қадам жақында
Фото: Отбасы банк

Жаңа жобамен танысуға келген банк салымшылары мен тұрғындарға таза әрленген әрі жиһаздары дайын 1-3 бөлмелі үйлер таныстырылды. Ипотекаға қатысу үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылғанын NEST STROY құрылыс компаниясының басшысы Александр Нестерцев айтып берді.

— Gate City тұрғын үй кешенінде 3 000 шаршы метрді болатын үйлер салынды. Біз Отбасы банкімен бірлесіп тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетін жандарға жаңа жоба әзірледік. Қазір барлық пәтерлер пайдалануға берілген әрі қоныстануға толықтай дайын. Тұрғын үй таза әрлеуде және негізгі жиһаздармен ұсынылады. Пәтерде төсек, ас үй жиһазы, гардероб бар. Бұл қоныс аударушылар үшін өте ыңғайлы. Пәтерді жөндеуге ақша жұмсаудың қажеті жоқ және жиһаз сатып алуға кететін отбасылық бюджетті айтарлықтай үнемдеуге болады. Тұрғын үй кешенінің аумағында мектеп салынып қойған, ол осы жылдан бастап жұмыс істейді. Келесі жылы балабақша ашу жоспарлануда. Сондай-ақ жол инфрақұрылымы дайын және көлік қатынасы ұйымдастырылған, — деді Александр Нестерцев.

Бағдарламаға қатысу барынша қарапайым. Банк клиенті Gate City тұрғын үй кешенінен пәтер таңдап, оны брондайды. Отбасы банкке келіп, депозит ашады және тұрғын үй құнының 50%-ын өзінің жинақ шотына салып, төлем қабілеттілігін растайды. Кейін клиент құрылыс салушымен алты айға дейінгі мерзімге жалға алу шартын жасасады. Кілтті алып, пәтерге қоныстанады. Осы кезең ішінде депозиттегі бағалау көрсеткіші біртіндеп өседі. Ол кем дегенде 5-ке тең болуға тиіс. Мұндай мәнге әдетте 6 ай ішінде қол жеткізіледі.

«Ипотекаға дейінгі кілттер»: арманыңа бір қадам жақында
Фото: Отбасы банк

Бағалау көрсеткіші 5 деңгейіне жеткеннен кейін клиент жылдық 8,5%* мөлшерлемемен аралық қарыз алады және құрылыс салушымен сатып алу-сату шартын жасасады. Бұл ретте клиент тұрғын үйді жалға алу ақысын төлемейді. Тек коммуналдық қызметтерді ғана төлейді.

«Ипотекаға дейінгі кілттер» жобасы аясында таныстырылымға келген банк салымшылары мен қонақтары жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттарына қызығушылық танытып, болашақта осы жобаға қатысуға ниетті екендерін айтты. Алматылық Мәдина Мұратоваға тұрғын үйдің сапасы ұнапты.

— Әдетте үй таңдағанда құрылыс материалы мен сапасына мән береміз. Бүгінгі шараға құрбым екеуміз келдік. Алматы қаласында 1 бөлмелі үйім бар. Алдағы уақытты үйімді сатып, Отбасы банкінен жинақ аштырып осы жоба арқылы 2 бөлмелі үй алуды жоспарлап отырмын. Мұндағы үйлер жаңа әрі сапалы, жөндеу жұмыстарына да қосымша қаржы шығармайсың. Тіпті жиһаздары да дайын. Осы жағынан тиімді тұстары көп екен», — деді Мәдина Мұратова.

Ал алматылық Айдана Асылбекова жолдасы екеуі Отбасы банкінде бірнеше жылдан бері жинақ жинап келеді.

—  Жаңа ипотекалық бағдарлама біз сияқты жас отбасыларға тиімді екен. Жинақтан бөлек бағалау көрсеткішін көтеру үшін жарты жыл тұруға болады. Ең бастысы үстеме пайыздары да аз. Ал үй бағасы Алматы қаласындағы бағаларға қарағанда тиімді. Құрылыс компаниясы ұсынған шарттармен толықтай танысып, алдағы уақытта оң шешім қабылдайтын шығармыз. Біз болашағымызды ойлап, Отбасы банкімен өз арманымызды жүзеге асырамыз деген ойдамыз, — деді Айдана Асылбекова.

«Ипотекаға дейінгі кілттер» жобасы отбасыға қоныс тойын кейінге қалдырмауға мүмкіндік береді. Олар таңдалған пәтерге бірден көшіп кіре алады, ал несиені кейінірек рәсімдейді.

* (ЖТСМ 9% бастап 9,6% дейін)