Иран 60%-ға дейін байытылған уран қорын айтарлықтай арттырды – МАГАТЭ

АСТАНА.KAZINFORM — Иранда 60%-ға дейін байытылған уран қоры 2024 жылдың ақпан айындағы 274,8 келіден мамырдың 17-сі күніне қарай 408,6 келіге дейін көбейген, деп хабарлайды Анадолы

Иран 60%-ға дейін байытылған уран қорын айтарлықтай арттырды – МАГАТЭ
Фото: Анадолы

Бұл туралы Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) Басқарушылар кеңесінің мүше елдеріне жолдаған жаңа есебінде айтылған.

Құжатқа сәйкес, Иран Ислам Республикасы жоғары байытылған уран өндіруді едәуір қарқынмен жалғастырып жатыр. Ақпан айында ұсынылған алдыңғы есеппен салыстырғанда, уран қоры 133,8 келіге артқан.

МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Мариано Гросси есепте келтірілген сөзінде Иранды уранды мұндай деңгейіне дейін байытып отырған жалғыз ел екенін атап өтті.

— Иран — әлемде ядролық қаруға ие болмаса да, уранды мұндай деңгейіне дейін байытып отырған жалғыз ел, — деп атап өтті.

Ол Иран билігіне тағы да үндеу жасады.

— Иранды МАГАТЭ-мен жедел, толық әрі тиімді ынтымақтастық орнатуға шақырамын, — деді.

 

Соңғы жаңалықтар