Иран АҚШ соққылары ядролық нысандарға елеулі зиян тигізгенін мәлімдеді

АСТАНА.KAZINFORM — Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи CBS News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың соққысынан Иранның ядролық нысандарына қатты зақым келгенін айтты, деп хабарлайды Kazinform

Иран АҚШ соққылары ядролық нысандарға елеулі зиян тигізгенін мәлімдеді
Фото: IRNA

— Фордода не болғанын ешкім нақты білмейді. Алайда, қазіргі уақытта белгілі болғаны, нысандардың айтарлықтай қатты зақымдалғаны. Иран Ислам Республикасының Атом энергиясы ұйымы бағалау және талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр, есеп үкіметке ұсынылады, — деді Аббас Арагчи ядролық нысандағы жағдай туралы сұраққа жауап бере отырып.

Ол залалдың сипаты туралы нақты ақпаратқа ие емес екенін және нысандарды қайтадан іске қосуға болатын-болмайтынын түсіну үшін есептерді күту керектігін айтты.

— Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасы ұлттық мақтаныш пен абырой ісіне айналды. Біз, әрине, халықаралық қауымдастық пен мүдделі елдерді біздің бағдарламамыздың, ядролық бағдарламамыздың мүлдем бейбіт сипатта болатынына сендіруді жалғастырамыз, — деді Иран Сыртқы істер министрі.

Тегеранның америкалық тараптың мәлімдемелеріне қарамастан, АҚШ-пен келіссөздерді қайта бастауға әлі келісім бермегені бұған дейін хабарланған. АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін америкалықтардың соққысы Иранның ядролық нысандарын «жойғанын» бірнеше рет мәлімдеп, келіссөздердің жақын арада қайта басталатынына сенім білдірді. 

Айта кетелік Иранда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 950 адамға жеткені туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар