Иран елшісі: Болашақта Орталық Азияға қауіп төнуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан үшін қазіргі уақытта ешқандай қауіп-қатер жоқ. Алайда болашақта Орталық Азия аймағы үшін белгілі бір қауіп төнуі мүмкін. Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукар мәлімдеді.

Иран елшісі: Болашақта Орталық Азияға қауіп төнуі мүмкін
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

– Егер Иранда жаппай тәртіпсіздіктер болып, елдегі жағдай тұрақсызданса, онда Таяу Шығыс өңірінен террористер мен экстремистердің Орталық Азияға ену қаупі артуы ықтимал. Алайда Иран билігінің күші сақталып тұрған жағдайда, Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін ешқандай қауіп болмайды, - деді елші.

Айта кетейік Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 4 мыңнан астам қазақстандыққа қолдау көрсетілді.