16:28, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Иран Ислам революциясының 30 жылдығы аталып өтті
АЛМАТЫ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда Қазақстандағы Иран елшілігінің ұйымдастыруымен Иран Ислам революциясының 30 жылдығы аталып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз бүгін өзіміздің тәуелсіздігімізді, бостандығымызды, исламға деген сенімімізді атап өтіп отырмыз. Біз бүгінде осының арқасында аймақта және әлемде үлкен нәтижелерге жетіп отырмыз. Біз болашағымыздың зор екекндігіне сенеміз», - дейді Иранның Қазақстандағы Елшісі Рамин Мехманпараст.
Ол сондай-ақ соңғы 4 жылда Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы 4 есеге өскенін айтты. Мәселен, 2008 жылы екі ел арасындағы айналым 3 милиард доллардан асқан. «Алдағы уақытта іске асырылатын өте ірі жобалар бар. Соның нәтижесінде екі ел арасындағы достық пен қатынас нығая берері сөзсіз», - деді Иран Елшісі. Шара барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігі басшысының орынбасары Елдар Қонаев министрлік атынан құттықтады. Сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері, шетелдік елшіліктер өкілдері мерекеге орай өз тілектерін білдірді.