Иран Қазақстан Президентінің дағдарысты еңсеруге байланысты барлық идеяларымен келіседі - М. Ахмадинежад

Астана. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат/ Ернұр Ақанбай/ - Иран Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі қаржы дағдарысын еңсеру туралы айтқан барлық идеяларымен келіседі. Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздері барысында осылай деп мәлімдеді,

Иран Қазақстан Президентінің дағдарысты еңсеруге байланысты барлық идеяларымен келіседі  -   М. Ахмадинежад
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «...Біз сондай-ақ қаржы дағдарысының барлық аспектілерін талқыладық және осы дағдарысты еңсеру жолдарын қарастырдық. Біз Президент мырзаның барлық идеяларымен келісеміз. Біз бірлесіп басқа елдер қалыптастырған осы қаржы дағдарысының салдарын бақылай аламыз деп есептейміз», - деді келіссөздер кезінде М. Ахмадинежад. Оның айтуынша, келіссөздер барысында Иран мен Қазақстан арасындағы барлық салалар, атап айтқанда сауда-саттық, инвестиция, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланған. Сондай-ақ көкейкесті өңірлік және халықаралық мәселелер турасында пікір алмасылған. М. Ахмадинежад өз сөзінде соңғы 18 жылда Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынас күн сайын ұлғайып отырғанын атап көрсетті.