Иран мен АҚШ 26 ақпанда Женевада тағы да келіссөз өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің үшінші раунды 26 ақпан, бейсенбі күні Женевада өтеді. Бұл туралы Оманның сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди мәлімдеді.

Иран мен АҚШ
Фото: Anadolu

«АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер осы бейсенбіде Женевада өтеді. Біз келісімді аяқтау үшін қосымша күш салуға дайынбыз және келіссөздер оң көңіл күйде өтеді деп үміттенеміз», деп жазды Оман СІМ басшысы Бадр әл-Бусаиди X әлеуметтік желісінде.

Еске салайық, 6 ақпанда Оманда Иран мен АҚШ арасындағы алғашқы жанама келіссөздер Оман сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаидидің арағайындығымен өткен еді. Тараптар диалогты жалғастыруға келіскеннен кейін кеңес алу үшін тараған.

17 ақпанда келіссөздер қайта жанданды – бұл жолы Женевада, БҰҰ жанындағы Оман елшісінің резиденциясында өтті. Екінші раундтың қорытындысы бойынша Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи тараптар алдағы келіссөздердің негізі болатын базалық қағидаттар бойынша келісімге келгенін хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум