Иран мен Қазақстан арасындағы сауда-саттықта шешілмеген мәселелер бар - ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының Вице-президенті

АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Иран мен Қазақстан арасындағы сауда-саттықта шешілмеген мәселелер бар. Бұл жайында бүгін ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының Вице-президенті Татьяна Жданова Алматыдағы "Сатушылар мен сатып алушылар" кездесуі барысында айтты.

Иран мен Қазақстан арасындағы сауда-саттықта шешілмеген мәселелер бар  -  ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының Вице-президенті

Т.Жданова екі елдің Президенттері сауданы 10 млрд-қа жеткізу керек деген үлкен тапсырманы алға қойғандығын айтады. Дегенімен Иранның доллар мен еуроны пайдаланбау туралы санкциясына байланысты көптеген ірі келісім-шарттар тоқтап тұр екен. "Осыған орай олар астықты бізден емес Аргентинадан алуда. Елімізде әлі күнге дейін Иран өкілдігінің банкі жоқ. Қазір Иранның жергілікті вальютасымен сауда жасап, елімізде Иран банкін ашу керек дегенді жоғары жаққа айтып жүрміз", - дейді Вице-президент.

Сондай-ақ ол көрші Қытай елінің нарығына да еніп, өз өнімдерімізді саудалауымызға болатындығын жеткізді. "Мысалы, Қазақстанмен шектесіп жатқан Ұйғыр автономиялық мекеніне өзімізде шығатын азық-түлік өнімдерін экспорттауға болады. Бұл саладағы отандық өнімдер сапасы жағынан басқа елдердікінен еш төмен емес", - дейді Татьяна Жданова.