Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Иран мен Оман Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы қауіпсіздігін талқылады

АСТАНА. KAZINFORM — Тегеранда Иран мен Оман өкілдері Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірнеше кезеңнен тұратын келіссөз өткізді. Кездесу жұма және сенбі күндері екі елдің сыртқы істер министрлері орынбасарлары деңгейінде өтті, деп хабарлайды ТАСС.  

Ормузский пролив
Фото: Kazinform / ИИ

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Бағаидің айтуынша, тараптар Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары мен практикалық тетіктері жөнінде пікір алмасты. Бұл ретте Иран мен Оманның егемендік құқықтары ескерілген.

Оның сөзінше, аталған мәселе бойынша техникалық консультациялар алдағы уақытта да жалғасады. 

Бұған дейін бірқатар халықаралық ұйымдар Қызыл теңізде, Ормуз бұғазында және оған іргелес аудандарда жағдайдың күрт нашарлағанын ескерткен болатын. Сондай-ақ Ормуз бұғазы арқылы өтетін кеме қатынасы 95%-ға қысқарғаны хабарланған еді