Иран Парламенті МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтату туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. KAZINFORM – Иран Ислам Республикасының Парламенті Атом энергетикасы жөніндегі халықаралалық агенттікпен (МАГАТЭ) ынтымақтастықты тоқтатуды қолдады, деп хабарлайды Press TV.

Парламент Ирана одобрил проект о приостановке сотрудничества с МАГАТЭ
Фото: x.com / @PressTV

АҚШ-тың демалыс күндері күтпеген жерден Иранның уранды дамыту нысандарына бомба тастауынан соң, Атом энергетикасы жөніндегі халықаралалық агенттік (МАГАТЭ) басшысы Рафаэль Гросси зиян келген нысандарды тезе арада көруге мүмкіндік беруді талап етті. Халықаралық ұйым өкілдері бұл қадамға нысандарға келген зиянды бағалау үшін барған.

Гросси Израильдің Иранның Тегерандағы және өзге де аймақтарындағы әскери нысандарына соққы жасауы барысында Агенттіктің басқарушылар кеңесінің алдында сөз сөйледі.

БҰҰ АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарды бомбалауы аймақ үшін «қауіпті бұрылысты» білдіретінін мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар