Иран саясатшысы Қазақстан қабылдап отырған дағдарысқа қарсы шараларға жоғары баға берді

ТЕГРАН. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат – Ертең Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 17 жыл толады.
None
None
Осы аралықта қазақстан-иран қатынастары айтулы жетістіктерге жетіп, бүгінде түрлі бағыттарда белсенді дамуын жалғастыруда. Осынау атаулы күннің қарсаңында Қазақстанның Ирандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерік Өтембаев тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту ісінің басында тұрған, 1993 жылы Қазақстанға ресми сапар жасаған Иранның бірінші басшыларының бірі, елдің экс-президенті, Келісім кеңесінің және Сарапшылар кеңесінің төрағасы Әли Әкбар Хашеми Рафсанжанимен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 80-ші жылдары Ә. Рафсанжани Парламенттің төрағасы, 8 жыл бойы Иранның Президенті болған, Сарапшылар кеңесінің, Мәдени төңкеріс жөніндегі жоғары кеңесінің мүшесі болған. Қазір де ол басқарып отырған екі кеңес - Келісім кеңесі мен Сарапшылар кеңесі - Иранның саяси бағытын анықтаушы және олардың жүзеге асырылуын бақылаушы елдегі мемлекеттік биліктің ең беделді органдары болып табылады (Сарапшылар кеңесі Жоғарғы көшбасшының қызметін бақылау, оны қызметінен босату, тағайындау өкілеттігіне ие).Келіссөзге арқау болған негізгі мәселелер - аймақтық қауіпсіздік, ядролық саясат, екіжақты өзара қарым-қатынас пен каспий ынтымақтастығы болды. Кездесу барысында Е.Өтембаев Қазақстанның сыртқы саясатының жағдайы мен даму үрдістері туралы, Иранмен арадағы өзара іс-қимылдар туралы әңгімелеп берді, әлемдегі 4-ші ядролық қару арсеналынан бас тарту, ТМД мемлекеттерімен бірлесе отырып, ядролық қарудан таза аумақ құру туралы Қазақстанның бастамалары туралы баян етті, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының бағдарламасымен таныстырды. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөліне жоғары баға берген Ә.Рафсанжани мырза, аймақтағы көшбасшы ел - Қазақстанмен қарым-қатынасқа Иранның айрықша назар аударып отырғанын атап көрсетті. «Н.Назарбаев - есімі Орталық Азиядағы бейбітшілік пен орнықтылықты нығайту ісіне қосылған үлкен үлеспен байланысты жаһандық саясаткер», деді Ә.Рафсанжани өз сөзінде. Иран орнықтылықты және дінаралық диалогты қамтамасыз етуге бағытталып отырған қазақстандық бастамаларды қолдай отырып, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезіне, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Азиядағы ынтымақтастық диалогына, «Мұсылман әлемі-Батыс: Көптүрлілік арқылы ілгерілеу» конференциясына белсенді қатысуда. Иран саясаткері сондай-ақ Қазақстан мен Иранның арасындағы сауда-экономикалық байланыстың даму қарқынына жоғары баға берді және серіктестікті әрі қарай кеңейту, әсіресе, мұнай-газ және энергетика саласындағы серіктестікке үлкен назар аудару қажеттілігін атап көрсетті. Осы тұрғыда Иран мен Қазақстан Каспий теңізінің әлеуетін толыққанды пайдалануы қажет, деді ол өз сөзінде. Иран саясатшысы, сондай-ақ Қазақстан қабылдап отырған дағдарысқа қарсы шараларға жоғары баға берді. Кездесу соңында Ә.Рафсанжаниға Н.Назарбавтың парсы тіліне аударылған «Қазақстандық жол» және «Қазақстан -2030» Стратегиясы кітаптары табыс етілді.
Соңғы жаңалықтар