Иран жаппай қырып-жою қаруын қолдану ниеті жоғын мәлімдеді

АСТАНА.KAZINFORM - Иран жаппай қырып-жоятын қару қолданудан бас тарту саясатын ұстанатынын растады. Бұл туралы Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

Иран
Фото: IRNA

"Иран Ислам Республикасының саясаты — жаппай қырып-жоятын қару қолданудан үзілді-кесілді бас тарту. Бұл Жоғарғы Көшбасшы аятолла Әли Хаменеидің шешіміне негізделген. Иран және шетел баспасөзінде Тегеранның ядролық доктринасын өзгерту туралы пікірталас бұл ұстанымға ешқандай әсер етпейді және Иран әрқашан қорғаныс доктринасына негізделген саясатты ұстанады", - деді Багаи телеарналар көрсеткен брифингіде.

Айта кетейік, 9 қазан күні Иран парламентінің депутаты Хасанали Эхлаки Амири 39 заң шығарушыдан құралған топ ИИР Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесіне Израиль тарапынан төнген қауіпке байланысты қорғаныс доктринасын қайта қарау және ядролық қару жасауға рұқсат беру туралы ресми хат жолдағанын мәлімдеген болатын. 

Соңғы жаңалықтар