Иран жоғарғы көшбасшысының кеңесшісі: Ормуз бұғазы ондаған ядролық бомбадан да маңызды
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл мәлімдемелер стратегиялық маңызы бар су жолы төңірегіндегі жағдайдың қайта шиеленіскен тұсында жасалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Иранның жоғарғы көшбасшысы кеңесшісі Мохсен Резаи Ормуз бұғазы Ислам Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аса маңызды рөл атқаратынын және оның маңызы ондаған ядролық қаруға ие болудан да жоғары екенін мәлімдеді.
— Бұл стратегиялық өткел ондаған атом бомбасынан да маңызды, әрі Иран Ислам Республикасы оны қорғайды, — деп келтіреді Резаидің сөзін Иранның ISNA агенттігі.
Mohsen Rezaei, adviser to Iran’s supreme leader, says that the Strait of Hormuz is more important than «dozens of atomic bombs, ” vowing to protect the vital waterway. pic.twitter.com/AE9MdZqOHz
— Al Arabiya English (@AlArabiya_Eng) July 12, 2026
Tasnim агенттігінің хабарлауынша, жоғарғы көшбасшының кеңесшісі Ормуз бұғазын «Иранның стратегиялық тежеу жүйесінің негізгі элементтерінің бірі» деп атады.
— Құдайдың қалауымен біз Ормуз бұғазын сақтап қаламыз, өйткені бұл стратегиялық өткел елдің тежеу жүйесінің маңызды бөлігі болып есептеледі және ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық мүдделерді қорғауда шешуші рөл атқарады. Ормуз бұғазы стратегиялық тежеу факторы ретінде қызмет етеді, ал Иран Ислам Республикасы өзінің қорғаныс мүмкіндіктері мен ұлттық әлеуетіне сүйене отырып, елдің қауіпсіздігі мен мүдделерін қорғай береді, — деді Резаи.
Оның айтуынша, Иран алдағы уақытта да өз қорғаныс әлеуетіне сүйене отырып, бұғаздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастырады.
Ормуз бұғазы: ашық па, әлде жабық па?
Бұл мәлімдемелер Иран әскерилері Ормуз бұғазының келесі хабарламаға дейін жабылатынын жариялағаннан кейін айтылды.
Тегеран құрған Парсы шығанағы бұғаздары басқармасы өңірдегі америкалық қарулы күштердің «заңсыз әрекеттеріне» байланысты кемелердің өтуі уақытша мүмкін емес екенін мәлімдеді.
The Persian Gulf Maritime Authority announces that navigation through the Strait of Hormuz is currently suspended.
— IRNA News Agency ☫ (@IrnaEnglish) July 12, 2026
Ведомствоның хабарлауынша, жағдай тұрақтанғаннан кейін бұғаз арқылы өтуге қатысты барлық өтініш қаралып, қажетті рұқсаттар белгіленген тәртіппен берілетін болады.
Ал АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) халықаралық су жолы арқылы заңды түрде өтетін барлық кеме үшін Ормуз бұғазы ашық күйінде қалып отырғанын мәлімдеді.
— Иран бұғазды бақыламайды. Кеме қозғалысы жалғасуда, — делінген америкалық қолбасшылықтың хабарламасында.
Сондай-ақ АҚШ теңіз қатынасының еркіндігін қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.
The Strait of Hormuz is open to all vessels seeking to lawfully transit the international waterway. U.S. forces are positioned and prepared to ensure that freedom of navigation remains available despite unwarranted Iranian aggression, harassment, threats, and arbitrary… pic.twitter.com/FS3TUBOZEj
— U.S. Central Command (@CENTCOM) July 12, 2026
АҚШ президенті Дональд Трамп NBC телеарнасына берген сұхбатында америкалық әскерилердің ұстанымын қолдап, Иранның бұғазды жапқаны туралы мәлімдемесіне қарамастан, Ормуз бұғазы коммерциялық кеме қатынасы үшін ашық екенін айтты.
The Strait of Hormuz is open to commercial traffic, US President Donald Trump tells NBC’s Meet the Press, as the US and Iran continue to trade attacks that have raised concerns over safety in one of the world’s most important oil shipping routes. pic.twitter.com/Byh2H58ZFv
— Al Arabiya English (@AlArabiya_Eng) July 12, 2026
Қазіргі уақытта Тегеран мен Вашингтон жағдайға мүлде қарама-қайшы баға беріп отыр.
Иран бұғаз арқылы өту тек тиісті рұқсат алғаннан кейін ғана мүмкін екенін мәлімдесе, АҚШ халықаралық кеме қатынасы қалыпты режимде жалғасып жатқанын айтуда.
Кеме қатынасына төнген қауіп
Сонымен қатар, коммерциялық кеме қатынасы қауіпсіздігі жөніндегі ақпарат алмасуды үйлестіретін Ұлыбританияның Теңіз сауда операциялары басқармасы (UKMTO) Ормуз бұғазы ауданындағы кеме қатынасына төнген қауіп деңгейін ең жоғары деңгейде сақтап, оны «елеулі» деп бағалады.
JMIC Advisory Note: 014-26
— UKMTO Operations Centre (@UK_MTO) July 12, 2026
Click here to view the full advisory note⤵️ https://t.co/8GmvndmpTA#MaritimeSecurity #MarSec pic.twitter.com/TXe0hiIKun
Сонымен бірге ведомство бұғаздың оңтүстік бағыты ашық екенін және екі бағытта да кемелердің қозғалысы үшін кеңейтілгенін хабарлады.
Жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қатар билігі серуендеу кемелері, балық аулау қайықтары мен гидроцикл иелеріне теңіздегі қызметін келесі хабарламаға дейін уақытша тоқтата тұруды ұсынды.
Бұған дейін 12 шілдеге қараған түні АҚШ Иранға осы аптадағы үшінші соққы толқынын жасағанын жариялаған болатын.
Жауап ретінде Иран Парсы шығанағы елдері мен Иорданиядағы америкалық нысандарға соққы жасады.
Сонымен қатар Трамп өзіне Иран қастандық жасаса, тұтас елді жойып жіберетінін мәлімдеді.