Иранда 28 ақпаннан бері 240-тан астам оқушы мен мұғалім қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы 28 ақпанда басталған әскери операциясынан бері кемінде 243 оқушы мен мұғалім опат болды. Бұл туралы Иранның Білім министрлігі өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Al Jazeera.

Иранға жасалған соққының ықтимал салдары қандай
Фото: Anadolu/Fatemeh Bahrami

Иран Қызыл Жарты ай қоғамы мәліметінше, АҚШ пен Израиль күштерінің шабуылдары салдарынан 82 мыңнан астам азаматтық нысан зақымданған немесе қираған. Олардың қатарында 62 мың тұрғын үй, 281 медициналық орталық, аурухана мен дәріхана бар.

Сонымен қатар, 498 мектеп, 17 құтқару пункті және 12 құтқару көлігі зақымданған.

Еске салсақ, АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға қарсы әскери операция бастаған болатын. Соққылар елдің ірі қалаларына, соның ішінде Тегеран қаласына жасалды. Өз кезегінде Иран ауқымды жауап операциясын бастағанын мәлімдеді.

Бұдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жасалып жатқан шабуылдарды тоқтату үшін 15 тармақтан тұратын жоспар ұсынып, сондай-ақ келіссөздер жүргізу мақсатында атысты бір айға уақытша тоқтату бастамасын көтерді.