Ираннан эвакуацияланған Қытай азаматтарының алғашқы тобы Әзербайжанға жеткізілді

АСТАНА. KAZINFORM — Жексенбі күні эвакуацияланған 18 Қытай азаматы Әзербайжанның Астара қаласындағы бақылау-өткізу пункті арқылы Әзербайжан мен Иран шекарасын кесіп өтті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Ираннан эвакуацияланған 18 қытай азаматының алғашқы тобы Әзербайжанға жеткізілді
Фото: Синьхуа

Жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 14:30-да эвакуацияланған азаматтар Әзербайжан аумағына кіре бастады. Ал шамамен 16:30-да Қытай Халық Республикасының Әзербайжандағы елшілігі ұсынған автобуспен олар бақылау-өткізу пунктінен шығып кетті.

Елшілік қызметкерлерінің хабарлауынша, эвакуацияланғандар Әзербайжанның астанасы Баку қаласына жеткізіледі.

Сенбі күні ҚХР-дың Әзербайжандағы елшілігі Ираннан Әзербайжанға кіріп жатқан Қытай азаматтарына қажетті барлық көмекті көрсетуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, бұған дейін Ираннан көршілес елдер арқылы Қазақстан азаматтарын эвакуациялаудың бағыттары анықталғанын жаздық. 

Ал 3 наурызға қараған Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды.