Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Иранның СІМ басшысы Елбасымен кездесіп, халықаралық және аумақтық ұйымдар ауқымындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Иранның Сыртқы істер министрі Елбасымен кездесіп, халықаралық және аумақтық ұйымдар ауқымындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды.

Иранның СІМ басшысы Елбасымен кездесіп, халықаралық және аумақтық ұйымдар ауқымындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды

Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Ресми өкілдің айтуынша, 26-27 маусымда Астанаға жұмыс сапарымен Иран ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехи келеді. Сапар барысында  Әли Акбар Салехидің ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және өзінің әріптесі, Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездесулері жоспарланған.

«Кездесу аясында тараптар екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі таңдағы ахуалы мен келешегі бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Иран арасындағы халықаралық және аумақтық ұйымдар ауқымындағы өзара іс-қимыл мәселелерін де талқылайды», - деді ол.

Айта кетейік, 2011 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 1,11 млрд. АҚШ долларын құраса, 2012 жылдың қаңтар-сәуірінде бұл көрсеткіш 213 млн. АҚШ долларына жетіп отыр.