Ирина Сәпиева: Бокс баламның өмірінің мағынасына айналды

Тұманды Альбион чемпионның ата-анасын жаңбырмен қарсы алды. Дегенмен, бұл олардың баласының ойынын өз көздерімен көруге деген көңіл-күйлерін еш түсірген жоқ. Британ жағалауларына саяхатқа Серік Сәпиевтің анасы Қарағанды облысынан аттанды.
«Біз мұнда баламыз бен барлық қазақстандықтарды медаль алу үшін қолдауға келдік. Алға, Қазақстан!», - деді И.Сәпиева «Хабар» телеарнасының тілшілеріне берген сұхбатында.
Лондонға сапарды «Аналар үшін мақтанышпен» халықаралық компаниясының аясында «Procter & Gamble» компаниясы ұйымдастырды. Ол баласының айқасын олимпиадалық жарыс трибунасынан бақылауда. И.Сәпиева әдетте баласының бокстық жұдырықтасуларын көрмейтінін айтты. «Мен тек қана қорытындыны біліп аламын. Ал теледидардан көрсеткенде, есіктің қасында тұрып қана тыңдаймын», - деді қазақстандық боксшының анасы.
Оның айтуынша, әлемнің болашақ екі дүркін чемпионы, бала болған 90-шы жылдары олар тұрған Абай кентінде тек дойбы, шахмат және бокс болды. «Балам бокспен ағасы Сергеймен бірге айналыса бастады. Мен олардың спортпен айналысқанын қаладым, жұмыс болмады, ал балалар онда сабақтарынан кейін барып тұрды. Бұл оларға қатты ұнайтын», - деп қосып өтті ол.
«Уақыт өте келе бокс баламның өмірінің мағынасына айналды. Мен оның бокспен кәсіби түрде айналысқанын ешқашан қаламап едім. Бірақ өзіне ұнайтын, және ол чемпион болды», - деп атап өтті И.Сәпиева.
Назарларыңызға Серік Сәпиевтің анасы туралы шағын фильмді ұсынамыз.