Ирландиядағы қыз зорлауға қатысты наразылық жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты
АСТАНА.KAZINFORM - Ирландия астанасы Дублин полициясы пана іздеушілер тұратын қонақүй маңындағы наразылық зорлық-зомбылыққа ұласқаннан кейін тәртіпсіздік әрекеттерін айыптады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Сейсенбі күні жас қызға сексуалды зорлық-зомбылық жасады деген наразылық акциялары кезінде бір топ адам полиция қызметкерлеріне отшашу мен басқа да заттар лақтырған. Осыдан кейін алты адам қамауға алынды.
Тәртіпсіздік қонақүйді паналаған ер адамға жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылған күннен кейін басталған.
Жергілікті БАҚ оның баспана іздеп жүрген 26 жастағы ер адам, ал жәбірленуші Дублиннің оңтүстік-батысында шабуылға ұшыраған 10 жасар бала екенін хабарлады.
Дүйсенбіде мекеме сыртындағы шағын наразылық бейбіт түрде өтті, ал сейсенбі күні кешке адамдар тас пен жол конустарын лақтыра бастады. Полиция фургоны өртелді.
Кейбіреулер ирланд туларын желбіретіп, мигранттарға қарсы плакаттар ұстаған наразылық білдірушілер саны 2000-ға жетті.
Ирландия полициясы шерушілер кірпіш, шыны бөтелкелер лақтырып, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған соң, алты адамды қамауға алғанын айтты.
-Бұл бейбіт наразылық болмағаны анық. Бүгінгі кештегі әрекеттерді тек қана бұзақылық деп сипаттауға болады. Бұл полицияға күш көрсетуді көздеген тобыр болды,- деді полиция комиссары Джастин Келли.
Бұған дейін Италиядағы ереуілдерге 2 миллионнан астам адам қатысқаны хабарланған болатын.