Ирландиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
АСТАНА. KAZINFORM — Ирландиялық боксшы Аарон Маккенна (20-0, 10 КО) қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді.

Өзін орта салмақтағы ең қарқынды дамып келе жатқан жұлдыз деп атайтын 26 жастағы ирландиялық спортшы аталған ұсынысын қазақстандыққа әлеуметтік желіде жеткізді.
— Біз 160 фунтқа дейінгі салмақ дәрежесіндегі ең қауіпті екі жауынгерміз, Жәнібек Әлімханұлы және мен кез-келген адаммен жекпе-жек өткізуге дайынбыз. Сондықтан бастайық, — деп жазды Маккенна және болашақ жекпе-жектің гипотетикалық постерін жариялады.
We’re the two most avoided fighters at 160 @qazaqstyle and we’re the only two prepared to fight anyone 🥊 So let’s get it on 🔥 @Turki_alalshikh @ringmagazine pic.twitter.com/gYjKuayA8l
— Aaron McKenna (@Aaronmckenna99) August 21, 2025
Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлының WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы бар. Ал ирландиялық боксшы орта салмақтағы WBO рейтингінде 13-орында тұрса, IBF рейтингінде 7-орынға жайғасқан.
Еске салсақ, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады.