Ислам Евлоев Хорватиядағы рейтингтік турнирде күміс алды

АСТАНА. KAZINFORM - Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен өткен «Zagreb Open-2026» рейтингтік турнирінде қазақстандық Ислам Евлоев (97 келі) грек-рим күресінен күміс жүлдегер атанды.

Ислам Евлоев
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Отандасымыз финалда мажарстандық Алекс Сцокеге 0:4 есебімен жол беріп, күміс медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ ел құрамасынан Ербол Қамалиев (60 келі), Аманғали Бекболатов (60 келі), Алматбек Аманбек (72 келі), Олжас Сырлыбай (130 келі) қола жүлдегер атанды.

Жарыстың соңғы күнінде ел құрамасынан 55 келіде Ерсін Әбиір, Нұрзат Қабдырахимов, Арсен Жұма, 60 келіде

Ғалым Қабдунасаров, 72 келіде Данияр Каленов, Николай Хапко, 82 келіде Демеу Жадраев, Омар Сатаев, Ибрагим Магомадов, 97 келі:де Нұрасыл Аманәлі, Юсуф Мациев, 130 келіде Әлімхан Сыздықов сынға түсті.

Айта кетейік, бұл турнир әлемдік рейтингке ұпай беретін маңызды халықаралық жарыстың бірі саналады.

Ал одан бұрын ел құрамасынан 63 келіде Айдос Сұлтанғали, Ержет Жарылқасын мен Дінмұхаммед Қошқар жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.

Еске салсақ, бұдан бұрын Түркиядағы дәстүрлі турнирде палуандарымыз грек-рим күресінен 2 алтын алды.

 

Соңғы жаңалықтар