Исламабад турнирі: Денис Евсеев бір күнде екі кездесуін жеңіспен түйіндеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 404-ракеткасы Денис Евсеев жекелей сында Исламабад (Пәкстан) челленджер турнирінің ширек финалына шықты. 

 Денис Евсеев
Фото: Sports.kz

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда пәкстандық Музаммил Муртазаны ойсырата ұтты — 6:1, 6:0.

Небәрі 44 минутқа созылған бәсекеде Евсеев 2 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды.

Денис Евсеев ширек финалға шығу үшін әлемдік рейтингіде 584-орында тұрған швейцариялық Йохан Никлеспен таласады.

Сонымен қатар жұптық сында доданың 4-ракеткасы болып тіркелген Денис Евсеев чехиялық Доминик Паланмен бірге бүгін тағы бір кездесуін сәтті өткізді. 

Қазақстандық-чехиялық жұп ширек финалда болгариялық Динко Динев — аустриялық Маттиас Уйвариді 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, жартылай финалға шыққан Денис Евсеев — Доминик Паланның келесі қарсыластары кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Пәкстандағы челленджер турнирінің ширек финалына шыққанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар