Испания қателесіп голландиялық наркобаронды түрмеден шығарып жіберді

Испания қателесіп голландиялық наркобаронды түрмеден босатып жіберді
Фото: pexels.com

АСТАНА.KAZINFORM - Испанияның Әділет өкілдері бюрократиялық шатасудың салдарынан голландиялық миллиардер – есірткі баронын түрмеден кездейсоқ босатып алғанына қатты ұялды, деп жазады BBC.

Mocro Maffia есірткі картельінің жетекшісі Карим Буяхричан ақша жылыстатуға қатысты бес жылдық тергеуден кейін қаңтарда Марбельеде қамауға алынды. Ол Нидерланд тарапынан экстрадициялау туралы өтінішті шатастырып алғандықтан кездейсоқ босатылды. Испания билігі картель басшысының қайта табылатынына сенімді. Сейсенбіде журналистерге сөйлеген сөзінде Испанияның Әділет министрі Феликс Боланьос есірткі сатушы құқық қорғаушылар қолына қайта беріледі деп уәде берді.

Mocro Maffia – кокаин саудасымен айналысатын Еуропадағы ең ірі картельдердің бірі. Картель соңғы 15 жылда Оңтүстік Америкадан Еуропалық Одаққа миллиардтаған еуроға есірткі тасымалдаған.

Олар Амстердам мен Роттердам порттарын континент бойынша кокаинді тасымалдау үшін пайдаланады. Сонымен бірге Еуропада, Таяу Шығыста және Мароккода ақша жылыстату операцияларын жүргізеді.

Такси деген лақап атпен белгілі Буяхричан биыл қаңтарда тағы бес адаммен бірге Испанияда құны 50 миллион еуродан асатын 172 мүлікті сатып алу арқылы ақша жылыстатқан деген айыппен қамауға алынды. 46 жастағы ол Еуропадағы ең көп іздеуде жүрген қашқындардың бірі және Интерпол оны кем дегенде бес жыл бойы аңдып келген. Оның ағасы Самир 2014 жылы атып өлтірілгенге дейін Mocro Maffia бөлімшелерінің бірін - Нидерланд мен Бельгияда орналасқан голланд-марокко компаниясын құрған.

Буяхричан қайтыс болғаннан кейін ағасының империясын өз қолына алды деген болжам бар. Оның ұсталғанын білгеннен кейін Голландия билігі экстрадициялау туралы өтініш берді, оны бастапқыда Мадридтегі ұлттық сот мақұлдады. Алайда картель басшысы қамауда отырған Малага қаласының жергілікті билігі оған Испанияда айып тағылуын талап етті. Жергілікті БАҚ кейін Мадридтегі ұлттық сот шешімнің күшін жойғанын хабарлады. 22 ақпанда Малага соты Буяхричанның қорғау тобы берген апелляцияны қанағаттандырды және егер ол 50 000 еуро көлемінде кепіл төлесе, экстрадициялауды күтпей босатуға бұйрық берді.

Испанияның El Pais газеті судьялардың картель жетекшісінің елден кетуі мүмкін екенін мойындап, төлқұжатын тапсыруды бұйырғанын және әр 15 күн сайын сотқа келуін талап еткенін хабарлады. Басылым Буяхричанның 1 сәуірге дейін сотқа жүйелі түрде келгенін, содан кейін ол жоғалып кеткенін жазды.

Министр Боланьос Испания билігі жіберген бюрократиялық қате туралы түсінік беруден бас тартты. Гаагадағы Нидерланд прокуратурасы Буяхричанның неліктен түрмеден босатылғанын түсінбейтінін айтты.

Соңғы жаңалықтар