Испания Премьер-Министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысы Ерлан Ыдырысов Астанаға алғаш ресми сапармен келген Испанияның Қорғаныс министрі Педро Моренеспен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Испания Премьер-Министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

Кездесу барысында тараптар екіжақты стратегиялық әріптестіктің бірқатар мәселелерін, оның ішінде әскери-техникалық ынтымақтастық, аймақтық қауіпсіздік және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара іс-қимылды талқылады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейі мен күн тәртібіндегі мәселелердің көптігін, оның үстіміздегі жылға жоспарланып отырған Астанаға Испания Үкіметінің Төрағасы Мариано Рахойдың ресми сапарына байланысты екенін атап өтті.

Е. Ыдырысов осы жылдың ақпан айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Мадридке жұмыс сапары барысындағы ең жоғары деңгейдегі кездесу Қазақстан мен Испания арасында «екіжақты ынтымақтастықтың бар спектрі және халықаралық саясат бойынша толық түсіністіктің» бар екеніндігін көрсеткенін ерекше атап өтті.