Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Испаниядағы орман өртінен 12 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Испанияның Альмерия провинциясындағы орман өртінен кем дегенде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС.

өрт
Фото: Анадолу

9 шілдеде Испанияның Альмерия провинциясында болған орман өртінен кем дегенде 12 адам қаза тапты. Бұл туралы El País газеті Андалусия автономиялық қоғамдастығының билігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Трассаның жанында электр кабелі құлап, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін. Өрт көп ұзамай жақын маңдағы орманға тарады.

Өртті сөндіру жұмыстарына төтенше жағдай қызметкерлері мен әскери қызметшілерді қоса алғанда, шамамен 300 адам қатыстырылды.

Бұған дейін Қазақстанда бір күнде 4 орман өрті тіркелгенін хабарлаған едік.