Испаниядағы тасқыннан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ - СІМ

АСТАНА. KAZINFORM – Испаниядағы су тасқынынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Испания су тасқыны
Фото: BBC

Бұған дейін белгілі болғандай, Испанияның Валенсия аймағында болған су тасқынынан 50-ден астам адам көз жұмды.

Зардап шеккен аудандарда құтқару операциясы жалғасып жатыр, ал қаза тапқандардың нақты санын әзірге анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ Альбасете аймағында із-түзсіз жоғалғандар туралы ақпарат бар.

Әлеуметтік желілерде су ағыны көпірлер мен көліктерді шайып жатқанын көрсететін кадрлар жарияланған. Кейбір бейнежазбаларда адамдардың су тасқынынан құтылу үшін ағаштарға өрмелеп жатқаны көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум