Испанияда су тасқыны салдарынан 50-ден астам адам мерт болды
АСТАНА. KAZINFORM – Валенсия аймағы билігінің мәліметінше, нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан 50-ден астам адам көз жұмды, деп хабарлайды euronews.
Аймақ үкіметінің басшысы Карлос Масонның мәлімдеуінше, зардап шеккен аудандарда құтқару операциясы жалғасып жатыр, ал қаза тапқандардың нақты санын әзірге анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ Альбасете аймағында із-түзсіз жоғалғандар туралы ақпарат бар.
Әлеуметтік желілерде су ағыны көпірлер мен көліктерді шайып жатқанын көрсететін кадрлар жарияланып жатыр. Кейбір бейнежазбаларда адамдардың су тасқынынан құтылу үшін ағаштарға өрмелеп жатқаны көрсетілген. Алайда қаладағы сауда орталықтарының бірінде 50-ден астам адам қамалып қалды.
Бұған дейін хабарланғандай, Испанияда су тасқынына әкелген апат салдарынан Валенсияда көпір құлап, Малагада пойыз рельстен шығып кеткен, бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Осыған дейін Аргентинада 10 қабатты ғимарат құлағаны туралы жаздық.